«Мүлкінен айрылған адамдарды сотқа беру - арсыздық». Депутат Назарбаеваның арызын айыптады

1771
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева мен кәсіпкер Нұрлан Бимурзиннің арасындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мен бәрін өз көзіммен көрдім. Әлия Назарбаеваның қолы қойылған нотариалдық құжаттардың түпнұсқасын көрдім. Мен оның қол қойған келісім-шартын, компанияны қабылдау туралы құрылтай құжатын көрдім. Мен Рогованың адвокаты қол қойған құжаттарды көрдім. Бұл көк мөрі мен қолы бар құжаттар. Олар аспаннан түскен жоқ. Ешкім оларды қолдан жасаған жоқ. Бірақ мұндай қылмыстың салдарынан мүлкінен айырылған адамдарды сотқа беру – арсыздық», – дейді Ермұрат Бапи.

Журналистер депутаттан "Прокуратура мен сот жүйесі Әлия Назарбаеваның жағына шыға ма?"- деп сұрады.

- Олар қазірдің өзінде оның жағында сияқты. Мен депутаттық сауал жолдадым, жалтарған жауап алдым. 160 миллиард теңге капиталымен бизнесінен айырылған жігіттер сотқа шағым түсірді. Олар прокуратураға шағым түсірді. Олардың ешқайсысына әлі дұрыс жауап жоқ. Жан-жақтан қарасақ, құдды Әлия Назарбаеваның түк қатысы жоқ сияқты әсер қалдырады, - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, ақпан айында Әлия Назарбаева құны 170 миллион доллар болатын бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деп айыпталған болатын.

Оған қоса конституциялық кеңес төрағасы, президент көмекшісі, президент кеңесшісі қызметтерін атқарған Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогова қылмысқа сыбайлас болған деген болжам айтылды.

Кейін Әлия Назарбаеваның Бимурзиннің үстінен полицияға арыз жазғаны белгілі болды.

Пікірлер