Айфон, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама. Экс-депутаттың тойы көпті таңғалдырды

1179
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Желіде экс-депутаттың тойы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты бірнеше күн бұрын 50 жас мерейтойын атап өтті. Экс-шенеуніктің қуанышына келгендер қымбат сыйлыққа ие болды. Тойда ұтысқа автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы телефонның 10 данасы, иіссу, сондай-ақ, Астанадан пәтер тігілді. Сыйлықтар лотерея арқылы таратылды.

Одан бөлек, желіде шу болған тойда МузАРТ, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Өзбекстанның әншілері, Ресейден келген "Мираж" тобы, Германиядан келген Bad Boys Blue тобы өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Мақсат Раманқұлов - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты. Ол 1974 жылғы 21 мамырда дүниеге келген. Еңбек өтілі 1997 Шымкент көлік прокурорының көмекшісі ретінде басталған, кейін Оңтүстік-Шығыс көлік прокуратурасының ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры, BGМ ЖШС директоры, Mabex Trade LTD ЖШС жеке құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

Мақсат Раманқұлов  VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" Демократиялық партиясынан сайланған депутаты болды. Ол - "Құрмет" орденінің иегері.

Пікірлер