Елімізде темекі бағасы қымбаттамақ

1404
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР Қаржы министрлігі темекі бағасын көтеруді көздеп отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр Мәди Такиев темекіге ең төменгі бағаны көтеруді көздейтін «сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» № 196 бұйрыққа түзетулер енгізуге қол қойды.

Бұйрық құжатына сәйкес, темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағалары 50 теңгеге қымбаттамақ. 2024 жылғы 1 шілдесінен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін темекі бағасы 770 теңгеден басталса, енді 820 теңгеге дейін бекіту жоспарланды.

Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Бұйрық «Ашық НҚА» сайтында 10 маусымға дейін орналастырылған. Ол 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін болады.

Пікірлер