Бозбаланы соққыға жығып, видеоға түсірген түлектер полицияға жеткізілді (ВИДЕО)

6065
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бозбаланы ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған түлектер полицияға жеткізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталуда», - деп жауап берді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видеода екі қыздың бозбаланы кезек-кезек ұрып-соғып, тепкілеп, сол әрекеттерін камераға түсіріп алғаны көрсетілген. Видео қыздардың бірінің TikTok аккаунтында жарияланған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер