Батыс Қазақстанда жүкті әйел перзентханада көз жұмды

1594
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Жүкті әйел босану кезінде көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 мамыр күні Жаңақалада болды.

«Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, сот-медициналық сараптама қорытындысы белгілі болғаннан кейін өзге ақпараттардың жарияланатынын жеткізді.

Қазір нәрестенің өлі не тірі екені туралы ақпарат жарияланбаған.

Пікірлер