Иран президентін жерлеу рәсіміне Путинді шақырмады - Песков

908
Adyrna.kz Telegram

Иран билігі тікұшақ апатынан қаза тапқан президентті жерлеу рәсіміне Реcей басшысын шақырмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Unian агенттігінің мәлімеінше, Иран тарапы ұшақ апатын тергеуге ресейлік барлау қызметтерін тартпауды сұраған. Сондай-ақ, жерлеу рәсіміне Ресей президенті Путиннің шақырылмағаны белгілі болды.

«Олардың дәстүрлері жерлеуге халықаралық қатысуды қарастырмайды», - деді Ресей билеушісі Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа берген түсініктемесінде.

Президент Раисиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 мамырда Табриз қаласында өтеді.

Жергілікті басылым Иран басшысы "Иран халқы алдындағы міндетін атқарып, қызмет етіп жүргенде оқыс оқиғаға тап болып, шәһид болды" деп хабарлауда.

Айта кетейік, Иранда басшының қазасына орай 5 күн бойы аза тұту күні жарияланды.

Пікірлер