Мемлекет басшысы Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды

759
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Пікірлер