Желіде әйелді аяусыз ұрған ер адамның бейнесі тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Желідегі бейне “jambylinfo.kz” парақшасында пайда болған. Желідегі ақпаратта оқиғаның 18 мамыр күні, түнгі уақытта “Ұлы дала” шағын ауданында орын алғанын айтады.
Кадрда ер адамның әйелді шашынан тартып, сүйрелеп, аяусыз ұрып-тепкенін көруге болады.
Куәгер әйелді ұрып жатқан ер адамға ескерту жасаса да әйелге қол көтерген адам көлігіне мініп қашып кеткен.
“Бишімбаев Таразға да жеткен бе?”, “Тағы бір Бишімбаев”, “Әйелді ұрғандарды құдай ұрсын”, “Видеоға түсіргенше көмектеспей ме?”, “Қорқақ еркектер әлсіздерді ұрады”,- деп пікір қалдыруда желі қолданушылары.