Ақтөбеде жоғалған азаматтың мүрдесі табылды

1712
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында 37 жастағы азамат өлі күйінде табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Диапозон" басылымына сілтеп.

Азаматтың туыстары марқұмның Қарақоға елдімекеніне мал қарау үшін жылқымен кетіп, үйге қайта оралмағанын айтады.

Ырғыз ауданында далада жайылып жүрген малын қарап келу үшін атқа отырған 39 жастағы ер адам ұшты-күйлі жоғалған. Іздестіру барысында ер адамның мүрдесі өзеннен табылған.

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметі 25 сәуірде Ырғыз ауданы полиция бөліміне 39 жастағы ер адамның белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша туыстары арызданды.

"Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетейік, Жетісу облысында із-түссіз жоғалған ер адамның мүрдесі табылған.

Пікірлер