Журналисті шешіндіріп видеоға түсіргендерден 100 мың теңге өндірілмек

1227
Adyrna.kz Telegram

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың жалаңаш бейнесін түсіргені үшін полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алды. Осыған қатысты бүгін ҚазТАГ редакциясы Сандуғаш Дүйсенованың арызы бойынша сот отырысы өткенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2023 жылдың жазында ол түнде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген болатын. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Қазақстан Республикасының жеке өміріне қол сұғылмаушылықты және жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша айып тағылды.

2022 жылы Дүйсенова Facebook желісінде адамды атып, баланы жаралаған қылмыскерді іздестіру туралы ақпаратты жариялады. Деректер арасында ер адамның ЖСН-і де болған.

Кейін журналист ұсталды, оны толығымен шешіндіріп, видеоға түсіріп, мұны «іздеу» деп түсіндірді.

Полицияның өзі бұған соттың рұқсаты бар екенін мәлімдеді. Алайда, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис Дүйсенованы жалаңаш күйінде түсірген полицейлердің әрекетінің нәтижесінде Қазақстан БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгездікке қарсы конвенциясын бұзды деп санайды. Бұл ретте Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев Қазақстан Конвенцияны бұзбағанын, елдегі тәртіп сақшылары жоғары лауазымды тұлғаларды жеке тінту кезінде жалаңаштағанын айтты.

Айта кетейік, Дүйсенова Жетісу мен Алматы облысына өз материалдарында өткір әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген журналист ретінде кеңінен танымал. Сонымен қатар, ол Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда жатқан бұзылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бейнеленген «Дәуірдің ақыры» атты әлемді шарлаған фотосуреттің авторы ретінде белгілі. Бұл сурет үшін Дүйсенова MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

Пікірлер