Ақан Рахметуллин сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.