Гаага шешімінен кейін Путин онлайн-президентке айналып келеді

2923
Adyrna.kz Telegram
Фото:кремлин.ру
Фото:кремлин.ру

Ресей президенті Владимир Путин 27 сәуірде Түркияда алғашқы атом электр станциясының ашылу салтанатына қатысуы мүмкін. Түрік басшысы Режеп Тайип Ердоған осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

“27 сәуірде Путин келуі мүмкін, немесе ол онлайн форматпен байланысқа шығады” , деген Ердоған ATV түрік телеарнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Түркиядағы алғашқы «Аққу» атом электр станциясын «Росатом» компаниясы салған.

17 наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путинді, сонымен бірге Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы ұстауға шешім шығарды. Сот Путин мен Львова-Белованы Украинада басып алған жерлердегі балаларды Ресейге мәжбүрлеп депортациялауға тікелей жауапты деп есептейді.

Түркия Халықаралық қылмыстық соттың Рим мәртебесін мақұлдаған 118 елге жатпайды, сол себепті Ресей президентін ұстауға міндетті емес.

Пікірлер