Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған дипломаттың әйелі жағдайды баяндады

805
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің кеңесшісі  Сәкен Мамаштың әйелі күйеуінің көп жылғы азаптау әрекеттері жайлы айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы ол КТК арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Карина Мамаш 6 мамырда әлеуметтік желіде күйеуінің 10 жыл бойы соққыға жыққанын хабарлаған болатын. Қазір жас келіншек балаларымен, әпкесі мен анасымен Астанадағы дағдарыс орталығында жатыр.

"Қазір мен өзімді қауіпсіз сезінемін. Балалар жанымда, анам, әпкем де. Мен ұзақ жылдар бойы қорқынышпен өмір сүргендіктен қазір өзіме келдім. Мен ешқайда бармадым. Ал оның кейбір туыстары, дәлірек айтсақ жиені білді. Себебі ол мені кезекті ұрып-соғудан кейін ауруханаға мұрнымды тігу үшін апарған болатын. Мен кетемін деп айтқан жоқпын, мен желіге барлық айыпты дәлелдейтінімді айттым. Мені ұруыңды тоқтатпасаң, түрмеге жабыласың дедім. Ал ол маған «Маған бәрібір» деп күлді”, - деді Карина Мамаш.

Дипломаттың әйелінің айтуынша, бір күн бұрын күйеуі өзін ғана емес, оларға қонаққа келген әпкесін де ұрған. Әпкесінің басы қатты соққыдан кейін көгеріп, көру қабілеті нашарлаған.

Карина отбасындағы зорлық-зомбылық туралы тек жақын достары ғана білетінін және ол көп жағдайды отбасынан жасыратынын айтады. Бұл ретте ол бәрі үйленген алғашқы күннен басталғанын айтады. Көбіне күйеуі агрессивті болып, мас болған кезде қолын көтеретін болған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты шетелден шұғыл түрде шақыртып алды. Астана полициясы қылмыстық іс қозғады.

«Бұл көбіне айтыла бермейтін мәселенің шетін ашады. Шетелде тұратын дипломаттардың әйелдері көп жағдайда қаржылай күйеуіне тәуелді болады. Өйткені дипломаттарға шетелге іссапарға, әйелдері мен балаларын орналастыру үшін төленетін «қосымша» қаражат деген бар. Әйелдердің жеке қаражаты көп болмайды, сондықтан олар өздерінің жұбайларына белгілі бір дәрежеде тәуелді болады. Сондықтан мұндай зорлық-зомбылық әрекеттері көбіне айтылмай қалады», - деді «Қорғау Астана» қорының басшысы.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер