Алматыда өрт салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді

4761
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы өрт салдарынан төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп.

«Өрт салдарынан төрт науқас қалалық ауруханаларға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Барлық қажетті тексерулерден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді.

«Біреуі ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы өрт кезінде 23 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.

Пікірлер