Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресеймен келіссөздердің келесі кезеңі осы аптада Түркияда өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
«Бүгін мен Рустем Умеровпен тұтқын алмасу және ресейлік тараппен Түркияда өтетін тағы бір кездесу бойынша дайындықты талқыладым. Умеров кездесудің сәрсенбіге жоспарланғанын жеткізді», – деді Зеленский.
ТАСС агенттігі ресейлік дереккөзге сілтеме жасап, келіссөздер 24 шілдеде өтетінін хабарлады. Алайда делегациялар Стамбулға 23 шілдеде келуі мүмкін екенін де жоққа шығармады. Артынша, ТАСС Түркиядағы дереккөзге сүйене отырып, келіссөздердің нақты күні 23 шілде екенін жазды.
Сол күні, 21 шілде, Германия қорғаныс министрі Борис Писториус «Рамштайн» форматындағы Қорғаныс бойынша байланыс тобының онлайн отырысында Украинаға бес қосымша Patriot әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін беру қажеттігін мәлімдеді.
«Мен АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің қатысуымен Германияның бес аса қажет Patriot жүйесін жеткізуге үлес қосатынына келістім», – деді Писториус.
Оның айтуынша, алдағы күндері мамандар тобы жиналып, жүйелерді жеткізу жолдарын нақтыламақ.
Ресейде саяси дағдарыс басталған сыңайлы... Ал Қазақстанға қалатыны — етек-жеңді жиып, шекараны қас-қақпай күзетіп отыру ғана...