Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығында кадрлық ауыс-түйіс жасады

1550
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) басшылығында кадрлық өзгерістер жүргізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Исмаилов пен Дяк 2023 жылдың сәуірінен бері ҚХА төрағасының орынбасарлары болды.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», - деп толықтырды Ақорда.

Буларов Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, Шин Қазақстан корейлері қауымдастығын басқарады.

Пікірлер