Назарбаеваның "Кенжеханы". Кәсіпкер тоқталған істі қайта қозғауға шақырды

1884
Adyrna.kz Telegram
Фото: bizmedia.kz
Фото: bizmedia.kz

"Кенжехан" базарының негізін қалаған Қуаныш Жамбурбаев өткен жылдың сәуірінде айыпталған Назарбаевтың әпкесіне қатысты істі қайтадан қолға алуға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Orda.kz-ке сілтеп.

Алматыдағы «Кенжехан» базарының негізін қалаушы Қуаныш Жамбурбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасын «Кенжехан» базарын қасақана банкротқа ұшыратты деп айыптаған еді.

Осыған дейін 2023 жылдың сәуірінде сотқа дейінгі тергеу органы Жамбурбаевтың арызы бойынша қылмыстық істі тоқтатқан.

Ал қазір "Кенжеханның" негізін қалаушы сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешімнің күшін жоюды сұрап, базар ісіне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуге шақырып жатыр.

Айта кетейік, Жамбурбаевтың айтуынша Әнипа Назарбаева 30 пайыздық үлеспен «Сұлтан Қорған» ЖШС құрылтайшыларының қатарына қосылған. Бірнеше уақыт бойы нарықты жасаушылар өздерінің «меценаттарымен» жанжалсыз жұмыс істеген. Алайда бұл тыныштық ұзаққа созылмапты.

Басқа ЖШС қатысушыларының айтуынша, 2002 жылы Назарбаева ханым компанияны әдейі банкротқа ұшыратуға бастамашы болған көрінеді. Назарбаеваның бұрынғы серіктестері ол базарды басып алып, алдын ала тіркелген «Кенжехан» ЖШС ретінде қайта тіркегенін алға тартады.

Пікірлер