Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Германиядағы турнирдің финалына шықты

1665
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтып, Германиядағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің жартылай финалында төрт «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы польшалық Ига Швятектен басым түсті. Ойын 6:3, 4:6, 6:3 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

Теннисшілер кортта 2 сағат 49 минут ойын өрнегін көрсетті. Ал қарсыластарымен жеке кездесулерде Елена 4:2 есебімен алда келеді.

Штутгарттағы турнирдің мансабындағы алғашқы финалында Рыбакина Маркета Вондроусова (Чехия) - Марта Костюк (Украина) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Пікірлер