«Атамұра» корпорациясының президенті судан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

1490
Adyrna.kz Telegram

«Атамұра» корпорациясының президенті, баспагер Рақымғали Құл-Мұхаммед су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға демеушілік жасап, өз қалтасынан 10 миллион теңге аударды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Еліміздің біраз өңірін су басып, халқымыздың басына ауыртпалық түсіп, қатты қиындық көріп жатқаны мені де алаңдатып отыр.

Осы бір  қиын күндерде  өздеріңізбен бірге екенімді білдіріп, табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға демеушілік жасап, өз атымнан 10 млн теңге аударып, көмек көрсетуді жөн санадым.

Халқымызға Алла сабыр мен төзім, бірлік пен береке  берсін! Қиындықтан тезірек шығуларыңызға тілектеспін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”, деп жазды Рақымғали Құл-Мұхаммед.

Пікірлер