Ауыз су ұңғымалары тазартылуда

1394
Adyrna.kz Telegram
Ауыз су ұңғымалары тазартылып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Аудан орталығы тұрғындарына белгілі Лекер көлінде орналасқан таза су ұңғымаларына көлге жиналған қардың суы кіруіне орай Казталов ауылына жеткізіліп жатқан ауыз су «тұтынуға жарамсыз» деп танылған болатын. Осыдан бір апта бұрын аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың бастамасымен ұңғымалардың айналасы бекітіліп, су көтеретін құдықтар ішіне жиналған су сыртқа айдалып, тазартылған болатын.
11 сәуір күні аудан басшысы Асланбек Ахметоллаұлы Лекер көліне барып, таза ауыз су ұңғымаларын тазарту жұмысына қатысты. Байқағанымыздай, көлге жиналған судың деңгейі біраз түскен. Ұңғымалардағы жиналған су сорылып, ішін тазарту жұмыстары атқарылды. Ендігі аз уақыт ішінде ұңғымылар айналасы кеуіп қалатын түрі бар.
Соңғы күндері ауыл тұрғындарының айтуынша, лайланған судың түсі біраз тазарғаны байқалады. Аудан басшысы Лекер көліндегі ұңғымалар айналасы судан кеуіп, түгел тазарғасын ауыз су сынамаларын арнайы зертханалық сараптамаға жолданатындығын жеткізді. Сараптама қорытындысына оң шықса, жақын арада ауылдастар қайтадан таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Пікірлер