Ақмолалық соғыс ардагерлері Жеңіс күніне орай 3 млн теңгеден алады

1286
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

Биыл Ақмола облысы Жеңістің 79 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлем сомасын ұлғайтты. Соғыс ардагерлері 3 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда облыста 6 ардагер тұрады.

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру өңірлік басқармасының ақпараты бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10-нан 30 айлық есептік көрсеткіш дейінгі мөлшерде төлем алады.

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Пікірлер