Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

1464
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Бейбіт Шаханов тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Бейбіт Шаханов Алматы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Бейбіт Шаханов 1979 жылы дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

2023 жылдың мамырынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарған

Пікірлер