Кәсіпкерлер «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдауға шақырды

1233
Adyrna.kz Telegram

Алматылық кәсіпкерлер Instagram парақшасына биыл 8 сәуірде басталған «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысуға шақырған бейне үндеу жариялады.

Дизайнер және кәсіпкер Аида Қауменова  командасымен бірге «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бастамасына қосылғанын айтып, жақында жаңа кеңсеге көшкенін және ең әуелі әріптестерімен бірге іргелес аумақты тазартқанын атап өтті. 

«Сіздерді де кеңсеңіз бен үйіңіздің айналасын тазалауға шақырамын. Жанның тазалығы – айналаның тазалығы мен ниеттің тазалығы. Егер әрбіріміздің ниетіміз бен іс-әрекетіміз таза болса, қаламыз да таза болады, көркейеді!»,- деді ол бейне хабарламада. 

«Алматы көпір конструкциялары зауыты» ЖШС ең ірі жол-құрылыс кәсіпорны да өзінің парақшасына науқанға қатысуға үндеді:

«Биыл оңтүстік астанада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты тазалық айы басталды. Биыл АЗМК Group холдингінің аумағында 80-нен астам қылқан жапырақты және жеміс ағаштары отырғызылды. 200-ден астам жасыл кеңістікті отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, осы айда көктемгі тазалық бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Құрметті алматылықтар, сіздерді де атсалысуға, табиғатты қорғауға және туған қаламыздың игілігі үшін тазалық сақтауға шақырамыз!»,- деді зауыт қызметкерлері қала тұрғындарына. 

Алаша мейрамханасының өкілі тұрғындарды осы бастамаға қатысуға шақырады:

«Қаламыздың дамуына әркім үлес қоса алады!» - деді ол. 

«Sungroup Asia» мейрамхана холдингі де қалыс қалмады:  

«Құрметті Алматы тұрғындары, сіздердің жиналып, қаланың әсемдігін сақтауға  үлес қосуға мүмкіндіктеріңіз бар! Біздің қатарға қосылыңыз!» - деді мейрамхана қызметкері. 

Ordamed.kz компаниясының командасы да идеяны қолдап, әріптестері мен серіктестеріне үндеу жолдады: 

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты: ортақ үйімізге, қаламызға мәдениет пен тазалықты сіңіру, оны әрбіріміз жасай аламыз. Біздің әрбіріміз осы әсем қаланың бір бөлігі екенімізді және біздің мінез-құлық мәдениетіміз оның келбетін анықтайтынын есте ұстаған жөн. Сондықтан дөрекілік танытпай, бір-бірімізге құрметпен қарайық. Біз бірігіп әркім өзін маңызды әрі құрметті сезінетін қоғам құра аламыз», - деді компания қызметкерлері.

Mega Park компаниясы да әріптестерінің пікірімен келіседі.

«Көктем – бұл үйді, ауланы және көшені ретке келтіру уақыты. MEGA Park СОО «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдайды. Бір ай бойы іс-шаралар өтеді, соның арқасында біздің қала жақсы, таза, әдемі болады. Науқанды қолдап, қаланы таза ұстайық!» - деді компания өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады. 

Толық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған. Сондай-ақ қала бойынша орналастырылған баннерлер, плакаттар мен афишаларда көрсетілген QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер:

#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз. 

Пікірлер