"Ескі қақпа". Тарихи ескерткіш мемлекет меншігіне қайтарылды

1272
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) ғимаратының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Алматы прокурорлары ведомствода университет ғимаратының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші санатына жататынын баса айтқан.

9 сәуір күні Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтағаны айтты.

"1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған", - делінген Алматы қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Ресми деректерде университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатаыны айтылған. Ал жер учаскесінде Алматы қаласының ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - "Ескі қақпа" орналасқан.

Пікірлер