Анасы қыздарын "тамақ сұрағаны үшін" тұншықтыруы мүмкін екені айтылды

1766
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Қарағанды облысында бүлдіршіндердің өліміне қатысты жаңа деректер анықталды. Теміртау тұрғыны өз балаларын өлтіруі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Патриотқа" сілтеп.

Теміртау қаласынан 15 минуттық жерде орналасқан Гагаринское елді мекенінде болған оқиға жұртты дүрліктірді.

Тергеу материалдарына қарағанда, әйел адам екі және төрт жастағы қос бүлдіршінді "тамақ сұрағаны үшін" тұншықтырып тастауы мүмкін.

4 сәуірде түскі уақытта болған қанды қылмысқа қатысты қазір тергеу басталған.

Алдын ала ақпарат бойынша 2 жастағы Мия мен 4 жастағы Карина қарны ашып, анасынын тамақ сұрағаны үшін анасы оларды буындырып өлтіруі мүмкін екені айтылады. Ал  үйдегі 6 айлық қызына тиіспеген.

Өзімен бірге тұратын ер азамат келгенше мәйіттерді кереуетке жатқызып, олардың еш себепсіз көз жұмғанын айтқан көрінеді.

 

Пікірлер