Белгілі қазақстандық синолог Константин Сыроежкин бостандыққа шықты. Бұл туралы саясаттанушы, қоғам қайраткері Марат Шибұтов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Константин Львович Сыроежкин 5 жыл жазасын өтеп, бостандыққа шықты»,— жазды ол өзінің Telegram-каналында.
Еске салайық, қытайтанушы Константин Сыроежкин 2019 жылы «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен 10 жылға сотталды. Бұған дейін ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды сұрап, мақала жазған еді.