Қаңтар ісі бойынша сотталған адам бостандыққа шықты

1216
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Егемен Қазақстан
Сурет: Егемен Қазақстан

2022 жылдың қаңтарындағы Президент резиденциясына шабуыл жасау ісі бойынша сотталған азамат 16 қазан күні бостандыққа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Іс бойынша сотталушылар қатарында 11 адам бар. Сот бір адамның жазасын ауырлатып, екеуінің үкімін өзгеріссіз қалдырған.
Ал өзге сотталушыларға қатысты 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарған еді. Солардың бірі -  Қосай Маханбаев. Оның кеше бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, сотталушының бір күні екі күн ретінде есептелген. Сонымен қатар, Маханбаев үйқамақта болды. Бірінші инстанция соты Маханбаевты бір жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырды, ал екінші инстанция соты бұл мерзімді бір айға қысқартып, бір жыл сегіз айға төмендетті.

«Маханбаев қазір үйінде, отбасымен бірге. Қалғандары да шығуы керек болған», — деген адвокат Төлеген Берліқожа.

Маханбаев 2022 жылғы «Қанды қаңтар» оқиғасы кезінде ұсталып, құзырлы органдар тарапынан азаптауға ұшырағанын хабарлаған еді. Бірақ 2022 жылдың қазан айында Алматы прокуратурасы дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты азаптау ісін жапқан.

Ол сотта резиденцияға зиян келтірмегенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Пікірлер