Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз шетелдік қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп.
«3 сәуірде Самара-Шымкент тас жолының Маржанбұлақ ауылының маңында Өзбекстан Республикасының азаматы басқарған Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alhpard микроавтобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды», - делінген хабарламада.
Минивэн жүргізушісі мен оның жеті жолаушысы Өзбекстан азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер жүк көлігінің дөңгелегі көлік жүргізіп келе жатып жарылып, көлік соқтығысы болған жерде қарсы қозғалысқа шығып кеткен деп болжайды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.