"Жеңісті тойлап жатқанда". Түркияда оппозиция жетекшісі қайтыс болды

1798
Adyrna.kz Telegram
Фото: First News Media
Фото: First News Media

Түркияда оппозиция жетекшісі қаза тауып, тағы сегіз адам жараланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

Денизли провинциясының аудандарының бірінде Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының өкілдері отырған балкон опырылып құлаған.

Анадолы ақпарат агенттігінің мәліметінше, салдарынан Денизли провинциясының Тавас ауданындағы партия кеңсесі басшысының орынбасары Мехмет Палаз қаза тапты. Одан бөлек тағы сегіз адам ауруханада жатыр.

БАҚ-та оппозиционерлер сайлаудағы жеңістерін қызу тойлағаны атап өтілді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясы муниципалдық сайлауда қалаған нәтижеге жете алмағанын мойындаған болатын.

Пікірлер