Бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Telegram-арнасы жариялады,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау заңнамасына сәйкес және ҚР Энергетика министрлігінің жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
"Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды", делінген "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Telegram арнасында.