Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектелді

3148
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Бұқар жырау бульварындағы көлік қозғалысы бір күнге ішінара шектеледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"2021 жылдың 16 маусымында сағат 9: 00-ден 22: 00-ге дейін, Алматы қаласы Бостандық ауданында Бұқар жырау бульвары бойымен Римский-Корсаков көшесінен Байтұрсынов көшесіне шығыс бағытта көліктердің қозғалысы ішінара шектеледі, деп «Алматы жылу желілері» ЖШС айтты.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жұмыстарға байланысты енгізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер