Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жылдық басшылығымен жасалған геосаяси, әлеуметтік және саяси реформаларына шолу

1551
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның қазіргі әлемдегі рөлі мен мәртебесі оның геосаяси жағдайына тікелей байланысты. Бұл позицияның маңызды аспектілерінің бірі – маңызды аумақтар мен географиялық түйіндер мен мәселелерді бақылау мүмкіндігін беретіндігі. Қазақстан контекстіндегі геосаяси аспект еліміздің стратегиялық жағдайы туралы талқылауларды жиі қозғайды. Қазақстан Еуразияның орталығында, ислам, Конфуций мен христиан мәдениеттерінің қиылысында, сонымен қоса сауда маршруттарының тоғысуында орналасқан ерекше мемлекет. Сонымен қатар, жоғарыда аталған артықшылықтарға табиғи ресурстардың көптігін қосуымызға да болады.

Қазақстан этномәдени, діни, тілдік және ұлттық аспектілерде әртүрлілігі бар көпұлтты мемлекет. Біздің еліміз көптеген мәдени дәстүрлерді мұра еткен демократиялық, зайырлы, унитарлық, конституциялық республика ретінде ресми түрде жарияланған. Қазақстанның Еуразияның қақ ортасында бірегей орналасуы, оның бай табиғи ресурстары мен тұрақты экономикасы оның өркендеуіне ықпал етіп, елеулі тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. Ал тау-кен металлургия секторы ЖІӨ-нің едәуір бөлігін құрайтын мұнай-газ саласынан кейінгі екінші ірі салаға айнала алды.

Келесі маңызды аспекті ол біздің мемлекетімізді 5 жылдан бері әлемдік және халықаралық саясатқа белсенді араласып келе жатқан Президенттің басқаруында. Яғни, Қасым- Жомарт Тоқаевтың саясаты өз кезегінде оның Қазақстан Президенті ретіндегі рөлімен байланысты. Тоқаев жоғарыда аталған аспектілердің барлығын атқарушы және бұл саяси процестерге белсенді қатысушы болып келеді, дегенімен оның Президенттік өкілеттілігін атқару кезінде елімізде болған көптеген төтенше жағдайлар мен Қаңтар оқиғасы, біздің елімізге көрші мемлекеттерде болып жатқан жанжалдар мен халықаралық саясаттағы тұрақсыздық Президенттің ұстанып отырған саяси бағдары мен шараларының, оны шешудегі тиімділігі мен ерекшеліктері бар екендігін көрсетуде.

Бұл мақала Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның 5 жыл Президенті қызметін атқаруы кезіндегі Қазақстанның геосаясатына, әлеуметтік және экономикалық реформаларға қатысы бар атқарған жұмыстарына шолу жасалынады.

  1. Тоқаевтың Қазақстанның сауда-экономикалық және логистика саласына қатысты ұстанған геосаясаты

Қазақстан геосаясаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен 2019-2024 жылдар аралығында елдің әлемдік аренадағы логистика мен саудадағы рөлін нығайтуға ұмтылысын көрсетті. Бұл бірнеше негізгі аспектілерде көрінеді: Көлік және логистикалық инфрақұрылымдардың дамуы Қазақстанның өңірдегі транзиттік сауда орталығына айналу үшін өзінің көліктік және логистикалық инфрақұрылымдарын белсенді дамытуға негіз бұрған. Бұған теміржол желісін, жол инфрақұрылымын және теңіз порттарын жаңарту және кеңейту кіреді.

Халықаралық сауда серіктестіктеріне интеграциясы бойынша Қазақстан Ұлы Жібек жолы, Еуразиялық экономикалық одақ және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сияқты түрлі халықаралық сауда және экономикалық бастамаларға белсенді қатысады. Бұл басқа елдердің нарықтарына қол жетімділікті жақсартуға және сауда мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Халықаралық саудаға қатысты біздің елімізде азаматтардың әртүрлі ереуілдері болған болатын, соның бір мысалы Алматы қаласындағы азаматтарымыздың елімізде Қытайдың Қазақстандағы жобаларына қарсылықтары мен жерімізді қытайлықтарға сату мен беру туралы әрекеттерге қарсылығы туындаған болатын. Сол кезде Тоқаев: «Соңғы кезде «шетелдіктерге жер сатылады – мыс», «көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі», «шетелден маңдаған жұмысшы әкеледі» деген тәрізді түрлі қауесет тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза сөздерге ермеуі қажет. Ондай қауесетті елдің патриоттық көңіл-күйін айла-шарғымен өз мақсатына пайдаланғысы келетін қаскөйлер таратып жатыр. Жұртты бұлайша адастыру – халықтың бірлігіне іріткі салып, Қазақстанда тұрақсыздық тудыруды көздейтін геосаясаттың бір бөлігі екенін түсінген жөн» - деген болатын. Бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етпеді, бірақ бұл жерде Президенттің іс жүзінде қазақтың жерінің шет елдіктерге сатылмайтындығын нақты айтқандығы барлығымызды қуантты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың геосаясаттағы белсенділігінің «соққы» әрекеттері 2022 жылы болды деген ойдамын. Ол кезде мемлекет басшысы Қытай мен Ресей басшылары – Си Цзиньпин және Путинмен жеке келіссөздер жүргізіп, ШЫҰ саммитіне қатысып, БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңдарында, оның ішінде Еуроодақ басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталастарында сөз сөйледі және іс-сапарымен Нью-Йоркке барды. Сонымен қатар, Қазақстан басшылығының назарында түркі әлемімен – Орталық Азия елдерімен, Түркиямен және Әзербайжанмен саяси жақындасу орын алды. Әзербайжанмен қарым-қатынастың нәтижесі 2024 жылдың наурыз айында ұтымды және тиімді жетістіктерін көрсетті.

  • Ресей Федерациясымен серіктестік

Ресей Қазақстанның басты сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. 2022 жылы Қазақстан СІМ деректері бойынша, екіжақты қатынастар тарихында алғаш рет екіжақты сауда көлемі рекордтық $26,1 миллиардқа жетті. 2022 жылы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ-ны қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелерді талқыланды. Айта кету керек, Қазақстан Ресей мемлекетімен әрдайым жақсы қарым-қатынастарда, дегенімен бұндай ара-қатынасты бұзуға ұмтылушылардың өте көп екендігі 2023 жылдан бастап көрініп келе жатыр. Осындай әрекеттердің бірі ол еліміздегі орыс тілінің қолданылу дәрежесіне, еліміздің тарихына қатысты асыра сілтеушілер мен араңдатушылардың әрекеттері жиі орын алды.

Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының болашағы туралы пессимистік болжамдар жоқ, деді Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Сочиде өткен кездесуде, ал Мәскеуде болған кезде қазіргі геосаяси шындықтардан туындайтын барлық қиындықтарға қарамастан, Үкіметтің алдына өзара сауданы арттыру міндетін қойып отырғанын атап өтті. Сондықтан, қазір «Ресейге қарсы санкциялардың соққысынан қалай шығуға» емес, сауда мен инвестицияны одан әрі арттыру жолдарын іздеуге баса назар аударылуда. Украинадағы соғысқа қатысты Қазақстан қақтығысты тек дипломатиялық әдістермен, келіссөздер үстелінде шешу ұстанымын берік ұстанады.

Президент Тоқаевтың Қазақстанның Президенті ретіндегі 5-ші жыл жұмысында оның Ресейге қатысты геосаяси бағдары мен мақсаттарының айқын екендігін көре аламыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге қатысты геосаясаты екі ел арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылысты қамтиды. Тоқаев Ресеймен стратегиялық серіктестікке үлкен мән береді және экономика, энергетика, көлік, қауіпсіздік және мәдениет сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылады.

Өзінің геосаясаты аясында Тоқаев Ресеймен тұрақты және сындарлы қарым-қатынасты сақтауға ұмтылады, бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Ол сондай-ақ ШЫҰ, ЕАЭО және басқа да Ресейдің қатысуымен халықаралық ұйымдар мен бастамалар шеңберіндегі ынтымақтастықты қолдайды.

  • ҚХР серіктестікке бағытталған геоясат және Си Цзиньпиннің қолдауы

Қытай әлемнің алпауыт мемлекеттерінің бірі және оның дамуы басқа мемлекеттердің онымен серіктестік орнатуға қызықтыратындығы анық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға қатысты геосаясаты Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылысымен сипатталады. Тоқаев Қытаймен стратегиялық серіктестікке және экономика, сауда, инфрақұрылым, энергетика және көлік сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен мән береді.

Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға назар аударады, бұл оның 2019 жылы Президент лауазымына сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапары үшін Қытайды таңдауында көрінеді. Ол Қытайда дипломатиялық жұмыс тәжірибесі бар, қытай тілін біледі, бұл оны осы елмен достық қарым-қатынасты сақтаудың кепілі етеді.

Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыратын Қытай үшін, әсіресе Ресейдің көлік инфроқұрылымының халықаралық санкциялар алдындағы осалдығын ескере отырып, маңызды сауда жолына айналған болатын. Мемлекеттер Еуразия арқылы тиімді мультимодальды көлік жүйесін құруда белсенді ынтымақтастыққа негізделуде. Геосаяси жағдайдың шиеленісуі және көлік тізбегінің бұзылуы жағдайында Қазақстан мен Қытай азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кілті болып табылатын жеткізілімдерді әртараптандыруға және теңгерімді қалпына келтіруге ұмтылады. Қазақстанның экономикалық және саяси тұрақтылығы Қытай үшін өте маңызды, бұл Си Цзиньпиннің елдің аумақтық тұтастығын қолдау және ішкі істерге араласпау туралы мәлімдемесімен көрсетілген. Қытай көшбасшысы Қазақстанға ірі саяси оқиға - Қытай Коммунистік партиясының 20-шы съезі алдында барғанын атап өту маңызды, бұл екі ел арасындағы қатынастардың маңыздылығын көрсетеді.

Бес жылдың ішінде мемлекет басшысы Тоқаевтың Қытайға бағытталған геосаясаты стратегиялық серіктестікті нығайту мен екі ел арасындағы достықты қалыптастыруға бағытталған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен қолдау алу осы стратегияның негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Президенттің бес жылда атқарған шаралары мен саясатына қарап оның Қытайға қатысты геосаясатының негізгі бағыттары мен тармақтарына мыналарды жатқызуымызға болады, олар: Экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған шараларды атқаруы. Яғни, сауда көлемін ұлғайтуды, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді және әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды дамытуды қамтитын екі ел арасындағы сауда және экономикалық қатынастарды дамытуды қолдауы; Тоқаев әрдайым инфроқұрылымдық жобаларды қолдайды. Бұл көлік дәліздерін салу және елдер арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін энергетикалық маршруттарды дамыту сияқты инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жобаларды атқаруға бағытталған.

  • Тоқаевтың Әзербайжан арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтерудегі саясаты

Қазақстан мен Әзербайжан көлік бағыттары мен энергетикалық қауіпсіздікте шешуші рөл атқаратын стратегиялық маңызды өңірлерде орналасқан. Осы екі ел арасындағы ынтымақтастық аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етуі мүмкін.

Әзербайжанмен ынтымақтастықта Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін жақсартуға қатысты Тоқаевтың геосаяси стратегиясы бірнеше негізгі аспектілерге бағытталған.

Біріншіден, көлік инфрақұрылымын дамыту маңызды рөл атқарады. Әзербайжанмен Каспий теңізі арқылы өтетін көлік маршруттарын жаңғыртуда және көлік дәліздерін дамытуда ынтымақтастық транзиттік жолдардың өткізу қабілеті мен тиімділігін арттыруы мүмкін.

Екіншіден, энергетикалық жобалардың стратегиялық маңызы бар. Мұнай құбырлары мен газ құбырларын салуды және пайдалануды қоса алғанда, мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру Қазақстан мен Әзербайжан арқылы энергия ресурстары транзитінің көлемін ұлғайтады, бұл мемлекеттердің экономикалық өсуіне ықпал етеді.

Үшінші аспект-сауда-экономикалық қатынастарды нығайту. Транзиттік маршруттардың жақсаруы екі ел арасындағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықтың ұлғаюына ықпал етеді, бұл өз кезегінде экономикалық өсу мен дамуды ынталандырады.

Ақырында, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сияқты халықаралық жобаларға қатысу екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі және олардың әлемдік аренадағы позициясын нығайтады.

Әзербайжан көшбасшысының Қазақстанға сапары 2023 жылдың сәуір айында, ал  Қазақстан Президенті Бакуде 2022 жылдың тамызында келіссөздерді өткізді. Бұл оқиға Қазақстанның түркі мемлекеттерімен күрделі геосаяси жағдайдағы әріптестігінің маңыздылығын көрсетті. Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты көлік-логистикалық тізбектердің бұзылуы, сондай-ақ Батыстың санкциялары Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктеріне әсер еткендігі де көрінді. Осы оқиғаларды ескере отырып, Президент Тоқаев Транскаспий жолын қоса алғанда, экспорттың баламалы бағыттарын іздеу қажеттігін білдірді. Бұл маршруттың әлеуеті айтарлықтай деп бағаланады, бұл Қытай – Еуропа Солтүстік маршрутының логистикалық операторларының назарын аударуы мүмкін.

Тоқаевтың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы геосаясатына келетін болсақ, ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамығандығын және бұның жалғасының болатындығын хабарлады: «Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2020 жылдан бері 5 есе артты. Әрине, бұл цифр соншалықты таңқаларлық көрсеткіш емес шығар. Бұл бағытта жұмыс істеу керек, алайда қазіргі сауда қарқыны оң бағалауға лайық. Елдеріміз айтарлықтай экономикалық әлеуетке ие. Біз бұдан да зор жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Шын мәнінде, ынтымақтастықтың ауқымы өте кең. Біз бүгін мұнай мен газдан бөлек, көлік пен логистикадан бастап, цифрландыруға дейінгі мәселелердің бәрін қарастырдық. Халықаралық аренада табысты жұмыс істеп жатқанымызға көңілім толады. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы және басқа да халықаралық ұйымдардағы делегацияларымыз өзара жемісті қарым-қатынас жасап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады деп ойлаймын», - деп айтқан болатын Президент.

  1. Тоқаевтың әлеуметтік саладағы бастамалары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік өкілеттілігін атқарудың біріші жылдары мемлекеттегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуден басталды. Осы кезеңді елімізде сол уақытта болған саясаттың ауысуы кезіндегі дүрбелеңдер, пандемия, пандемиядан кейінгі кезеңдер, Қаңтар оқиғасының болуы да одан әрі әлеуметтік мәселелерге ден қою керектігін көрсетті. Дегенімен, бұл оқиғалар Қазақстанда әлеуметтік саясатты жақсартуға және оның тиімді жұмыс істеуіне тепкі болғандығы анық. Бұл бөлімде Тоқаевтың Президенттік өкілеттілігін атқаруы кезінде жасаған әлеуметтік бастамаларына шолу жасалынады.

  • Пандемия кезіндегі әлеуметтік бастамалары

2020 жылы Қазақстанда COVID-19 пандемиясының салдарымен күресу және халықты қолдауды қамтамасыз ету үшін шешуші шаралар қабылданды:

Әлеуметтік қолдаудың шұғыл шаралары енгізілді, оның ішінде халыққа төлемдер мен кірістердің болмауына байланысты төлемдер жүйесі берілді. Пандемияға байланысты шектеулерден жұмыс істемейтін барлық қазақстандықтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жалпы сомасы 476 миллиард теңгеге жуық 42500 теңгеден төленді. Осы уақытта дәрі-дәрімекке, азық-түлік пен қажетті тауарлардың бағасын ұстап тұруға қатысты шаралар жасалды. Президенттің бастамасы негізінде банктер мен шағын несие ұйымдары төлемді кешіктіргені үшін айыппұлдар есептемеді, ал тұтынушылық несиелер бойынша 90 күн кешіктірілген төлемдер жағдайында пайыздар тоқтатылды.

Сол кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарламалар әзірленіп, іске асырылды. Дағдарысқа қарсы шара ретінде жұмыспен қамтудың жол картасы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және т.б. шаралар әзірленіп, соның арқасында 1,2 миллион адам жұмыс орнын сақтауға және тұруға, сонымен қоса жұмыссыздықтың өсуі дағдарыс жағдайларын алдын алуға мүмкіндік туды.

Бюджет саласының қызметкерлері үшін зейнетақы, жәрдемақы және жалақы мөлшері ұлғайтылды.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар, аз қамтылған отбасылардағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдерді ұлғайту сияқты әлеуметтік қолдау жүйесіне инновациялар енгізілді.

Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосуды қоса алғанда, ардагерлерге Елеулі төлемдер жүргізілді және мүгедек адамдарға әлеуметтік қолдау жүйесі жақсартылды.

Бұл шаралар пандемияның экономикалық әсерін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар шектеулер жағдайында халықты әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдеріне негіз болды.

  • 2021 жыл. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік бастамалар

Пандемия еліміздегі көптеген мәселелерге қатысты кешенді шараларды атқарылуы керектігін көрсетті. Соның бірі ол цифрлық технологияларды дамыту мәселесі, ғаламтор мен басқа да әлеуметтік маңызы бар сұрақтарды қайта қарастыруды талап етті. Осы жылы Қазақстанда атқарылған әлеуметтік шаралар кешені:

  • Әлеуметтік сала қызметкерлері үшін зейнетақылар мен жәрдемақылардың, сондай-ақ жалақының мөлшерін арттыру.
  • Жұмыссыздық деңгейін қысқартумен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді мемлекеттік бағдарлама.
  • I топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша бірыңғай жәрдемақыны және мүгедек балалары бар отбасылар үшін жағдайды жақсартуды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру саласында инновациялар енгізілді.
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі елеулі жақсартулар және әлеуметтік оңалту қызметтерін кеңейту.
  • Қызметтердің 92% цифрландыруды және кәсіптік даярлау бойынша онлайн-курстарды іске қосуды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін цифрландыру.
  • Бұл шаралар әлеуметтік саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтар үшін қызметтерді қолжетімді әрі тиімді етті.

Ағымдағы жылы жүзеге асырылған маңызды жобалардың бірі ол еліміздің 19 аймағында TenQogam орталығының ашылуы болды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар тұрақты тұратын немесе қызмет алатын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірқатар бұйрықтарға өзгерістер енгізілді.

Пандемиядан кейінгі кезеңде адамдардың жұмыстарынан айырылуы мен олардың кәсіптік қабілеттерінің жарамсыз болуына қатысты, қазақстандықтардың біліктіліктерін арттыру мен дамытуға арналған арнайы онлайн-курстар жасалынды.

  • 2022 жылдағы Қаңтар оқиғасынан кейін әлеуметтік кодекстерді қайта қарастыру

Менің ойымша, 2022 жыл Қазақстанда әлеуметтік саясаттың белсенді, тиімді жұмыс істеген кезеңі болды. Себебі, сол кезде мемлекет азаматтары алдында атқаратын қызметтерін кешенді түрде атқарып, елімізде кәсіпкерліктің дамуына серпін жасаған кезең болды. Яғни сол кезде қандай жобалар іске асырылды:

  • 4,3 миллионан астам қазақстандық үшін зейнетақылар, жәрдемақылар мен өтемақылар уақтылы төленді.
  • Мемлекет кепілдік берген қолдау ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларды қоса алғанда, 1,3 миллионнан астам отбасына көрсетілді.
  • Балалары бар отбасыларды қолдауға республикалық бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 926,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
  • Айтарлықтай сомалар мүгедектік бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде төленді.
  • Әр түрлі саладағы жұмысшылардың жалақысының өсуі жалғасып, олардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етті.
  • Іскерлік бастамаларды дамыту үшін гранттар көлемін ұлғайта отырып, жастарды жұмыспен қамтуға қолдау күшейтілді.
  • 2022 жылы 921 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Бұдан басқа, үкімет мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсарту жөнінде қадамдар жасап, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік кодекстің жобасын әзірледі.

  • 2023 жыл – Қазақстандағы жаңа әлеуметтік реформалардың орын алуы

Бұл жылы елімізде әлеуметтік саясатта төлемдер мөлшерлері мен мөлшерлемелерінің ұлғаюынан әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек саласындағы реформалардың сапасын жақсартуға бағытталған болатын. Үкімет 2027 жылға дейін осы саладағы өзгерістерге бағытталған бес жылдық стратегиялық өзгерістер жоспарын қабылдады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Тамара Дүйсенова алқа отырысында 2023 жылға арналған мақсаттарды нақтылады.

2023 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік бастамалар мен шаралар:

  • Әлеуметтік реформалардың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа стратегиясы қабылданды.
  • Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту үшін отбасының цифрлық картасы енгізілді.
  • Отбасының цифрлық картасына негізделген атаулы әлеуметтік қолдау күшейтілді.
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі ұлғайтылды.
  • 2024 жылдан бастап балалардың арнайы жинақтау шоттарына жыл сайынғы табыстың 50% аудару көзделген.
  • Көп балалы аналардың жәрдемақыларын саралау жоспарлануда.
  • 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алу үшін кедейлік шегі орташа табыс негізінде айқындалатын болады.
  • Мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
  • 12 оңалту орталығын салу және әлеуметтік қызметтер порталын жаңарту жоспарлануда.
    • Президенттің 2024 жылы жүзеге асыруды жоспарлаған әлеуметтік бастамалары

2024 жылы жүзеге асырылатын әлеуметтік бастамалары туралы Президент өзінің Қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтауы кезінде айқын айтқан болатын. Оның айтуынша, 2024 жыл біздің ұлтымыздың дамуының шырқауы орын алатын кез болады.

Яғни, мынадай әлеуметтік бастамаларды негіздеп отырғандығын аңғаруымызға болады:

  1. Халық санының артуына байланысты бастамалар. Тоқаев Қазақстан халқының 20 миллион адамға жеткенін атап өтті, бұл ел үшін маңызды шекара мен оң динамиканы білдіреді. Ол бұл фактіні мемлекеттің күші мен өркендеуімен байланыстырады, сонымен қатар бақытты отбасыларды елдің әл-ауқатының негізі деп санайды.
  2. Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы реформалары. Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы салалардағы ірі жобалардың іске қосылуын атап өтті.
  3. Экономикалық даму және инвестициялар тартуға қатысты. Тоқаев миллиардтаған доллар шетелдік инвестициялар тарту, жаңа кәсіпорындар ашу және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы айтады. Ол сондай-ақ ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күші болып саналатын шағын және орта бизнесті қолдауды атап өтеді.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша. Президент заңсыз сатып алынған экономикалық активтерді қайтару және осы қаражатты халықтың игілігіне, соның ішінде мектеп құрылысына пайдалану жөніндегі жұмыс туралы хабарлайды.
  5. Білім беру мен озық технологияларды дамыту: Тоқаев жасанды интеллектті игеруді қоса алғанда, озық білім мен жаңа технологияларға ұмтылудың маңыздылығын атап көрсетеді.
  6. Патриоттық тәрбие мен құндылықтар: Президент бір-біріне қамқорлық жасауға, үлкендерді құрметтеуге және балаларды құрмет пен жауапкершілік рухында тәрбиелеуге шақырады. Ол озық ұрпақтың мақтанышын және жастардың жасампаз күшіне деген сенімін білдіреді.
  7. Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау: Тоқаев елдегі келісімнің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, сондай-ақ мемлекеттілікті сақтау және Отанның өркендеуі мақсатында бірлік пен қажырлы еңбектің маңыздылығын атап көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жылдың ішінде Қазақстанның әлеуметтік саясатының өзгеруіне әсер етті, оның әлеуметтік саясатқа қатысты бастамалары халықтың әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына алып келуде.

  1. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қадамдарына шолу жасау өте қиын жұмыстардың бірі сияқты, себебі сіздің алдыңызда іс-қиымыл барысын барынша тиімділікпен бірнеше жыл алға жоспарлаған жоғары технологиялық жүйе жұмыс істеп тұрғандай сезім пайда болады. Ел халқына әрбір президенттік Жолдауда тез жүзеге асырылатын және кейінгі реформалар үшін негіз болатын нақты инновациялар бар. Бұл дәйекті тәсіл билікті де, қоғамды да жұмылдырады, Президент туралы жинақылық пен принциптіліктің символы ретінде әсер қалдырады. Әрине, Президенттің сыртқы келбетін бағалау субъективті, өйткені елдің артында машина емес, адам тұр. Алайда Қасым-Жомарт Кемелұлының «еңсеру» және «жарық пен көлеңке» атты естеліктерінен оның тапқыр әрі жанашыр саясаткер болғанын көруге болады. Төменде Президенттің 5 жыл Президенттік өкілеттілігін атқаруы кезінде жүзеге асырған саяси реформаларына шолу жасалынады:

  • 2019 жылы атқарылған саяси реформалар

2019 жылы президент Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялады, онда негізгі бағыт - мемлекет азаматтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Парламенттік оппозицияның қалыптасуына ықпал ететін қоғамдық-саяси митингілерді өткізу үшін хабарлама қағидаты енгізілді.

Партиялық сайлау тізімдеріндегі әйелдер мен жастар үшін олардың елді басқарудағы өкілдігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті 30 пайыздық квота бекітілді.

  • 2020 жылы атқарылған саяси реформалар

2020 жылы коронавирус эпидемиясы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзін шешуші көшбасшы ретінде көрсетті. Аурудың таралуын болдырмау үшін ол тез арада төтенше жағдай енгізіп, Еуразия елдерінде алғашқылардың бірі болды. Сонымен бірге, ол халыққа айтарлықтай қолдау көрсете бастады: зейнетақылар 10% индекстелді, жастарға көтерме қолдауы берілді, ал шағын және орта бизнес салықты толығымен алып тастады.

  • 2021 жылы атқарылған саяси реформалар

2021 жылы бір мандатты округтер бойынша сайлауды ішінара өткізуді қамтитын саяси реформалар енгізілді, бұл кандидаттардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік береді.

Барлық деңгейдегі әкімдерге саяси партияларда қызмет атқаруға тыйым салынды, бұл биліктің партиялық мүдделерден тәуелсіздігіне ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектесетін мемлекеттік органдардың азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимылы үшін цифрлық форматты басымдыққа айналдырған «Әдепкі цифрландыру» жобасына бастамашылық жасалды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.

  • 2022 жылы атқарылған саяси реформалар

2022 жыл Қазақстандағы саяси реформалардың жаңғыру сәтіне жетті. Сол кезде атқарылған шараларға шолу ретінде: Қазақстанда Конституцияны өзгерту жөніндегі референдум арқылы саяси жаңғырту жүргізілді. Негізгі өзгерістерге бір рет жеті жылдық президенттік мерзім енгізу, әртүрлі билік институттары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, «Суперпрезиденттік» Республика мәртебесінен бас тарту, Президентке партияларға мүше болуға және туыстарының мемлекеттік лауазымдарға орналасуына тыйым салу кірді. Сондай-ақ, жердің, судың және жер қойнауының Қазақстан халқына тиесілі екендігі туралы бап бекітілді, ал Конституциялық Сот 1995 жылы таратылғаннан кейін қалпына келтірілді.

  • 2023 жылы атқарылған саяси реформалар

2023 жылы Қазақстанда ауылдық елді мекендер мен аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін, содан кейін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың басшыларын сайлау енгізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарды қоғамдық бақылау туралы заң да қабылданды. Бұдан басқа, дауыстардың шекті мәнін еңсеру кезінде мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті онлайн-петициялар институты енгізілді.

Ал 2024 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси реформаларының бағыты қандай болатындығы оның Egemen Qazaqstan-ға берген сұхбатынан көруге болады. Яғни, Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды саяси реформаларды талқылады. Конституциялық өзгерістер сыбайлас жемқорлықты жоюға және елдің болашақ дамуы үшін берік құқықтық іргетас құруға бағытталған. Көппартиялық сайлау енгізілді, парламенттік бақылау нығайтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңсыз капиталды қайтару туралы заңдар қабылданды. Президент сондай-ақ демократиялық қайта құру үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігінің маңыздылығын атап өтіп, бұрынғы жүйеге оралудың мүмкін еместігін айтты.

Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жылдық Президенттігінің сөзсіз нәтижесі Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын нығайту, оның дипломатиялық ықпалын кеңейту және ұлттың жалпы әл-ауқатын жақсарту бойынша шараларының тиімді, оң нәтиже бергендігін көрудеміз. Оның стратегиялық басшылығы ел ішінде де, одан тыс жерлерде де бейбітшілікті, тұрақтылықты және өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Әлеуметтік бастамалары шешімі табылмай келе жатқан әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қамтып, халықтың әлеуетін жақсартуға ықпалдасты. Мемлекеттік саясат шеңберінде жасалған жұмыстар халық пен мемлекетті басқарушылар арасында байланысты орнатып, Президенттің жыл сайынғы халқына жолдауы, Ұлттық Құрылтайды жандандыру, басқа да саяси бастамалары мемлекетімізді жаңа дамудың бастауына алып келді деген ойдамын.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттігінің бес жылдық кезеңі күрделі әлемдік контексте белсенді даму, дана көшбасшылық және тұрақты қатар өмір сүру уақыты ретінде Қазақстан тарихында із қалдырады деп сеніммен айтуға болады.

Айнұр Бақытжанова,

сарапшы, әлеуметтанушы

Пікірлер