Зайсан көлінің маңында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

3346
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/izobrazhenie_2024-03-09_123328589.png
Зайсан көлінің маңында магнитудасы 4,2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН және I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 8 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 22.41-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 682 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,9. Магнитудасы MPV 4.2. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 47,61°. 82,97° шығыс Тереңдігі 15 км», - деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар. Қоса беріліп отырған картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Абай облысында, Зайсан көлінің батысында, Ақсуат ауылының маңында болды.
Пікірлер