Алматыда тағы да жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұның афтершок екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді", - дейді ведомстводан.
Сейсмикалық стансалар желісі сағат 12:54 кезінде болған зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында екенін растады.
Магнитудасы — MPV 5.3. Энергетикалық класы — 11.9.
Айта кетейік, бұған дейін 11.22-де қалада 5 баллдық жер сілкінісі сезілді. Оның эпицентрі Алматыдан 30 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.