"Өз ақшасын өсіммен беріп, сол үшін комиссия алып отыр". Депутат "Отбасы банк" жүйесін сынады

1771
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар баспана мәселесін көтеріп, "Отбасы банкінің" алгоритмін сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Бүгінгі күні «Отбасы Банкі» несие беру кезінде клиент қажетті соманың 50%-ын дереу әкелгеніне немесе депозитке жинақтағанына қарамастан, банк несие береді және барлық сомаға пайыздық мөлшерлеме алады. Мысалы, клиент 10 миллион теңге әкелсе, банк оған 10 миллион теңге береді, сыйақы мөлшерлемесі 20 миллион теңге болып есептеледі», - деді Ислам Сұңқар сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.

Ол адамға өз ақшасын өсіммен беру және сол үшін қосымша банк комиссиясын төлету қаншалықты әділетті болатынын саралады.

Депутаттың айтуынша, банктегі салымшылардың наразылығына олар ақшаның депозитте болатынын, депозиттен пайыздық мөлшерлеме алынатынын және мемлекет сыйақысының барын айтып құтылады дейді.

«Біз бұл жай ғана қаржылық айлалар деп есептейміз. Өйткені, шарттар бойынша бұл салымның сыйақы мөлшерлемесі жылына небәрі 2 пайызды құрайтынын, ал мемлекеттік сыйлықақы 200 АЕК-тен аспайтын шектеулі мөлшерде алынатынын көріп отырмыз. Біз 2023 жылы ең үлкен кірістердің бірі – 107,5 млрд. теңге алған «Отбасы банкі» АҚ-ын қарадық. Ақшаны кімнің пайдасында? Адамдардың ба, әлде банктің бе?» – деді депутат.

Мәжілісмен «Отбасы банкінде» тұрғын үй құнының 100% мөлшерінде сыйақыны есептеуді қайта қарауды, ислам ипотекасын беретін банктердің тұрғын үй қарыздарын беруге қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды. Тұрғын үй сатып алу және Қазақстанда реттеудің нақты ережелері бар несие-жинақ кооперативтерін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Пікірлер