Беларусь басшысы Александр Лукашенконың 2025 жылы өтетін президенттік сайлауға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW сайтына сілтеме жасап.
Президент депутаттар сайлауында дауыс бергеннен кейін, журналистердің сұрағына жауап ретінде өзінің президент сайлауына қатысатынын ашып айтты. "Оларға менің сайлауға қатысатынымды жеткізіңіздер", - деп Лукашенко мәлімдеме жасады. Айта кетейік, Лукашенко Беларусь билігін 30 жылға жуық уақыт басқарды. Ал келесі жылдың шілде айында Беларусьте президенттік сайлау өтеді.“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Бүгінгі күннің жақсы жаңалығы осы болды. Ананы шетел президенттерімен мемлекет атынан сөйлестіріп қоя бермей, баяғыдан солай ету керек еді.