Қарағанды облысында рейстік жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға бүгін таңертең Ақтоғай ауданы Балқаш–Алматы бағытында орын алған.
Жүргізуші оқиға орын алған сәтте көмек сұрап, құтқарушыларға хабарлаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, техникалық ақауы бар автобустан барлық 48 жолаушыны эвакуациялап, Балқаш қаласының автовокзалына жеткізген.
ТЖМ жүргізушілерге жол жағдайы нашар болған кезде жылдамдықты азайту керегін ескертті. Қазіргі уақытта оқиға орнында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Ұқсас жаңалықтар