ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жаңа басшы – бұған дейін ҚМА төрағасының орынбасары қызметін атқарған Дмитрий Малахов.
Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды.
«Дмитрий Михайлович Малахов бұрын атқарған қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», - делінген құжатта.
2023 жылдың қазанында Дмитрий Малахов Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған (2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қазанға дейін).
“Адырна” ұлттық порталы