Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болып, автожолды жауып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Облыста желдің күшеюінен қар көшкіні болды. Әкімдіктің сөзінше, көшкіннен зардап шеккендер мен қирау туралы деректер тіркелмеген.
11 ақпанда сағат 14:30-да Катон-Қарағай ауданында жергілікті маңызы бар "Согорное-Барлық" автожолының 16-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1350 м3 екі қар көшкіні өздігінен түсті. Зардап шеккендер мен қираулар орын алған жоқ, - делінген хабарламада.Қар көшкінінен жолды тазартуға "Облшығысжол" ЖШС 2 адам және 2 техника жұмылдырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Жалғыз қазақ мектебі бар Риддер шулағалы төрт айдан асты. Министрде қазірге үн жоқ. Ең соңғы үміт президентте...
Түс ауа министрлік 30 мың гектар алқап өртеніп жатқанын хабарлады. Ал NASA картасында кемі 44-45 мың гектар деп көрсетіп тұр.
