Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов бұрын атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалсын”, - делінген хабарламада.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің басшысы қызметін атқарған.
“Адырна” ұлттық порталы