Біз таң қалып қарар-Оңтүстік Көрие дамыған экономикасы мен ғана емес,асқан патриоттығымен де әйгілі.
Осы елде әскерге бару аса құрметті де қадірлі парыз болып саналады!
БҰЛ ЕЛДЕ ЕШКІМГЕ САРБАЗ БОЛМАУ ҚҰҚЫ БЕРІЛМЕГЕН!
Көрие өз кумирларын, "жұлдыздарын" екі жыл ТОСАДЫ!
Еріксіз Михалковтың әскерден келуі тосылған "Свой среди чужих, чужой среди своих" фильмі еске түседі!
Кешегі Кеңес кезінде әскер бармау "масқара" саналар еді.
Әскерге бармаған жігіт құрметтен ада,қыздардан алыс,махаббаттан тыс болатын!
Ал бүгін әскер түгілі казармаға түнемеген "жұлдыздар" қазақ жайлы...тойда қызынып айтады!
Өкіметте қолына қару ұстамаған,шылғау байламаған ішіп-жемге құмар жас ЕЛ БАСҚАРАДЫ!
Ағылшынның тақ мұрагері әскерге барды!
Ал,қазіргі министрлердің қай баласы СОЛДАТ ЕКЕН!?
ОТАНДЫ ҚОРҒАУ-БАЛАМЫЗДЫ ӘСКЕРГЕ ЖІБЕРУДЕН БАСТАЛАДЫ!
СҰР ШИНЕЛЬ КИГЕН ЕЛ ҰЛЫ ҒАНА-ҰЛТТЫ ҚОРҒАУ КЕРЕК!
Біздің идеология осыдан бастау алу қажет!
Баласы шетте жүрген Басшы кімге үлгі?!
Қотанын емес,Отанын қорғар ұлдар керек бізге!
Отанын қорғап келген ұлан-қандасына қол көтермейді!
Біз идеологиясы жоқ елміз...
Серік Елікбай
"Адырна" ұлттық порталы