Маңғыстау облысындағы балалар бруцеллез ауруын ешкі сүтінен жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеп.
"2023 жылы Маңғыстау облысында бруцеллездің үш жағдайы тіркелді. Тіркелген үш жағдайдың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар. Балалар бұл ауруды ауру жануарлардың (ешкілердің) сүтін тұтыну арқылы жұқтырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
2023 жылдың көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда Маңғыстауда жеті жағдайға төмендеді.
Бруцеллез-тірек-қимыл, жүйке, жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін, көбінесе мүгедектікке әкелетін ауыр, емделуі қиын жұқпалы ауру. Адамдарды жұқтыру көзі тек ауру жануарлар арқылы (қой, ешкі, ірі қара, шошқа және т.б.) болып табылады. Бруцеллез адамдарға жануарларға күтім жасау кезінде және ауру жануарлардың еті мен сүт өнімдерін пайдалану кезінде сақтық шаралары сақталмаған жағдайда жұғады.