Азаматтық бастамалардың alash.online сайтында «Жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап етеміз!» атты петиция жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Петиция авторы – Арғын Смайылов, жедел жәрдем жүргізушісі. Азаматтың айтуынша, оның әріптестері өздеріне деген құрметсіздік пен агрессияға жиі ұшырайды.
“Бұл менің жедел жәрдем жүргізушісі ретіндегі жан айқайым. Мен 10 жылдық тәжірибесі бар жедел жәрдем жүргізушісімін. Мен жедел жәрдем қызметкерлерінің проблемалары туралы айтқым келеді, өйткені мен өз қорғансыздығымыздан шаршадым. Қоғам бізден өз өмірлерін сақтап қалуды және қиын уақытта тез келуді талап етеді. Бірақ олар бізді жай ғана құрметтемек түгілі, тіпті жұмыс істеуімізге кедергі келтіреді”, – деп қызметкер өз ойын жеткізді.
Сонымен қатар, Смайылов көмек шақырған пәтерлерде жедел жәрдем дәрігерлеріне жиі шабуыл жасалатынын атап өтті.
"Төтенше жағдайлар қызметкерлері қорғансыз екенін мойындау керек. Мұғалімдердің, полицияның, әскерилердің мәртебесі бар – енді біздің мәртебемізді және бізді азаматтардың жөнсіз әрекетінен қорғайтын уақыт келді. Медицина қызметкерлеріне жасалған агрессияны полицияға жасалған шабуылмен теңестіру керек. Жедел жәрдем көлігін теуіп, зақымдаса – айыппұл. Жедел жәрдем жүргізушісін ұрды – 1 жыл түрмеде. Ал дәрігерді ұрғаны үшін ең аз мөлшерде 3-5 жыл беру керек», – дейді Смайылов.
“Адырна” ұлттық порталы