Сейсмологтар 30 қаңтарға қараған түні Алматыда 2 рет жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жер асты тербелістерінің ошағы Қытайда болған.
Бірінші жер сілкінісі, сейсмологтардың айтуынша, 30 қаңтарда Алматы уақытымен 03:03-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Афтершок.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. Магнитудасы MPV - 4,5.
Пайда болу тереңдігі – 10 шақырым.
Екінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 04:27-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,3. Магнитудасы MPV - 5,8.
Пайда болу тереңдігі – 10 шақырым. Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат Алматы қаласы бойынша – екі балл.
“Адырна” ұлттық порталы