"Аллажардың" режиссері Қалдыбай Әбеновке ескерткіш-тақта орнатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Журналист Гүлжанат Шонабай Facebook желісіндегі парақшасында жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша 24 қаңтар күні қазақтың ұлтжанды азаматы, жанкешті режиссер Қалдыбай Әбеновтiң ескерткіш-тақтасы ашылды.
Тарихи сәтке осы игілікті іске бастамашы болған марқұмның досы Ерлан Декелбай бастаған бiр топ желтоқсаншы азаматтар, жазушы-журналист Көлбай Адырбекұлы, халықаралық "Қазақстан дәуiрi" газетiнiң бас редакторы Ертай Айғалиұлы, "Қазақстан" ұлттық арнасының Алматы қаласы филиалының директоры Сәуле Жиреншина, мәдениет қайраткерi Ғазизхан Әдiлханов, Қ.Әбеновтiң туыстары қатысты. Биiктегi ескерткіш-тақтаның бетпердесін ашу Қалекеңнiң ұлы Фарабиге бұйырды. Келген қонақтар естеліктер айтып, марқұмға Құран бағыштады, - деп жазды Гүлжанат Шонабай.Еске сала кетейік, жазушы Роза Мұқанова "Аллажар" фильмі туралы естелігімен бөліскен.
Ұқсас жаңалықтар
«Озарк» сериалы мен «Миссия невыполнима» фильміндегі танымал актер Comic Con Astana фестивалінің екінші хедлайнері атанды