«Аллажар» фильмі туралы тағы бір шындық

4436
Adyrna.kz Telegram

Қаймана қазақтың бәрі "Аллажар" фильмін біледі. 1988 жылы түсірілген фильм он жылдай жабық жатты. Фильм консервацияға ұшырады. Мәскеуден ВГИК-ті бітіріп келген талантты режиссер Қалдыбай Әбеновтың желтоқсан оқиғасын көркем фильмге айналдырған күрескерлігінің күлі көкке ұшты деп жазады «Адырна» ұлттық порталы танымал журналист, жазушы Роза МҰҚАНОВАНЫҢ жазбазсына сілтеме жасап.

Он жыл бойы "Аллажар" да талантты режиссер Қалдыбай да не көрмеді, басынан не өтпеді... Көкірегіне ат басындай шер байланып, жалғыз қалған сәті болатын. Ол Әкім Таразиды "Қазақфильмге" шақырып, "Аллажарды" көрсетті. Сол кезде қаңырап қалған "Қазақфильмнің" сұп-суық залында "Аллажар" фильмін көрдік. Бұл 12.03.2002 жыл екен. Сол жолы Әкім ағаларың күнделігіне бар ойын сарқып жазып қойыпты. Бұл пікірді Қалдыбайға ауызша бәлкім айтты, бәлкім айтпады, есімде жоқ.

"Сағат 15 те (Әлімбектің көлігімен) киностудияға бардық Жан-Жүрек екеуміз. "Аллажарды" көрдік. (Студенттерім түгел келді)

Ондай фильмді көрген соң ОНЫ талқылау, пікір айту күнә болар еді. Қалдыбайды құшақтап бауырыма қыстым. Жан-Жүрек "Рахмет!" деді. Сонымен қайттық. Бұл арада жаттанды драматургияның заңы жүрмейтін тәрізді.

Қалдыбайда нағыз талантқа тән бір қасиет бар екен: жанса - іштен жану, бірақ бықсымай жану, күйінсе - іштен күйіну, бірақ күйремей күю, сырттан алған шығармашылығын өз ішінде ғана қорыту, күйсемей қорыту, қоқысын өзгеге жария етпей, тасада ғана тастап кету. Маған бүгін солай көрінді ол бала.

Айтпақшы: ....."Аллажардан" безбожно ұрлап бездарный, жағымпаз, тігісін жатқызған, жып-жылмағай фильм жасалыпты ғой. "Аллажар" 88 ші жылы түсірілген, анау 92-ші жылы түсірді.

"Көксеректен" ұрлағаны аздай-ақ. Ендігі жазбаларда .....(есімі айтылған) оны ИЭХУ деп жазамын..."

Күнделікті оқып отырып, АДАМНЫҢ парызы АҚИҚАТТЫ айту екендігіне көз жеткіздім. Ақиқат болмаған жерде адасу бар. Қоғамның азып-тозуы, адам санасының күйреуі ӨТІРІКТЕН бастау алады.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер