"Астана резеңке емес". Мәслихат депутаты елордаға блок-бекет қоюды ұсынды

1766
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Депутат Астананың кіреберісіне блок-бекет орнатуды талап етті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Мәслихат депутат Астанаға келетіндердің санын азайту үшін блок-бекет қоюды ұсынды. Аймақтардан Астанаға ағылған көш Азамат Айтқожиннің шамына тиген екен.

Кім көрінген келеді. «Маған пәтер керек», «маған анау керек, мынау керек». Блок-бекет қойыңдар, бітті! Бәрі Астанаға ағылады, Астана созыла беретін резеңке емес қой, - деді Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтқожин.

Мәслихат депутатының бұл мәселесіне көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев жауап берді.

Блок-бекеттерге келетін болсақ, бұл мәселе ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады. Ал жалпы мигранттар Астанаға квотамен келеді. Оны әкімдік белгілейді. Қандай да бір бақылаусыз ,көші-қон ағыны бар деген мәселе жоқ, Астанаға келетін барлық еңбек мигранты квота бойынша реттеледі, - деді ҚР Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.

Пікірлер