Тоқаев: Қытайдан тағы қарыз аламыз

2661
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан жеңілдетілген несие алу туралы  келісімді мақұлдады. Енді Қазақстан Қытайға 20 жыл несие төлейтін болады.

Бұл құжатқа алғаш Бейжіңде өткен кездесу барысында  экс-президент Н.Назарбаев  қол қойған. 2018 жылдың 7-маусым күні өткен кездесуде қос тарап  сауда-саттық, инвестиция мен индустрализация, ауыл шаруашылығы мен көлік-транзиті секілді салаларды талқылаған.

Айта кетейік, негіздемелік келісімге сәйкес, Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 112,6 млрд. теңге  мөлшерінде жеңілдетілген несие алады.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, несие теңгемен берілуі тиіс. Бірақ юаньмен есептеліп, 20 жылға 2% үстемемен беріледі.

-Біз алғашқы бес жылда тек пайыздық мөлшерлемені төлейміз. Ал, қарыздың негізгі сомасын  алтыншы жылдан бастап, соңғы 20 жылға дейін өтейтін боламыз, - деді қаржы министрі.

Еске сала кетейік, бұл қарыз ЕЭО-ның сыртқы шекарасындағы қазақстандық учаскеде өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында алынған.

Abai.kz

Пікірлер