Төрт күнде Қазақстан аумағында 1900-ден астам жерасты дүмпуі тіркелген. Оның 11-і сезілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты. Бірте-бірте сейсмикалық белсенділік процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», - дейді ведомстводағылар.
Министрлік жағдай тұрақты екенін айтып, азаматтарға дүрбелеңге берілмеуге кеңес берді.