Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
2024 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша бұл тізім 45 тұрғын үй кешенін қамтиды.
Басқарманың баспасөз қызметі олардың арасында құрылысқа рұқсат берілген құжаты толық емес, сонымен қатар жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешені бар екенін мәлімледі.
«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша тұрғын үй кешенінің құжаты бар-жоғына көз жеткізуге кеңес береміз»,—деді ведомстводағылар.
Сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыз.